Сурет: istockphoto.com
Ұлттық банк 5 маусымға арналған шетел валюталарының ресми бағамдарын жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ доллары 485,34 теңге, еуро 564,45 теңге, ал Ресей рублі 6,53 теңге болды. Мамыр айында теңге бағамы 5,1 пайызға әлсіреп, бір доллар үшін 486,51 теңгені құраған еді.

