Сурет: Aikyn.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконг Арнайы әкімшілік ауданының Басшысы Джон Лимен кездесу өткізді. Тараптар екіжақты қарым-қатынасты дамытудың келешегін сөз етті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Президент Тоқаев Гонконгтың Қазақстан үшін маңызды серіктес екенін атап өтті.
«Гонконг – Азияның қаржы орталығы. Біздің елдеріміз арасындағы байланысты нығайтуға зор мүмкіндік бар», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Джон Ли Қазақстанның экономикалық реформаларын жоғары бағалап, «Белдің және жолдың» аясында бірлескен жобаларды іске асыруға ниетті екенін жеткізді. Кездесу соңында тараптар өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

