Сурет: Aikyn.kz
АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға қатты ренжіген. Ол тіпті Нетаньяхуды «есі ауысқан» деп атап, өзінің көмегінсіз оның түрмеге отыратынын айтқан.
Бұл туралы Трамп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Трамп Нетаньяхуға ашулы екенін жасырмады. Ол Израиль премьерінің 2020 жылы АҚШ-тың сайлау нәтижелерін мойындамауына байланысты өзін екіжүзді санайтынын жеткізді.
«Сен нағыз есіңнен адасқансың. Мен болмағанда, қазір түрмеде отырар едің. Бірақ сен маған опасыздық жасадың», – деп жазды Трамп.
Бұл екі саясаткер арасындағы шиеленістің жаңа беті. Нетаньяху әзірге ресми түрде жауап берген жоқ.

