Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстан ұлттық футбол құрамасы 6 маусым күні Ереванда Армениямен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл ойын – команданың маусым айындағы дайындық кезеңінің бір бөлігі. Қазақстандық футболшылар жаңа тактикалық сызбаларды сынап, ойын тәжірибесін шыңдамақ.
Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, кездесу Еревандағы Республикалық стадионда өтеді. Нақты уақыты әлі бекітілмеген.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұған дейін Армениямен 8 рет кездесіп, 2 жеңіс, 2 тең ойын және 4 жеңіліс тіркеген.

