Тоқаев: «Қазақстан балалары» бағдарламасы отбасы құндылығын нығайтады

Сурет: Aikyn.kz

Билы «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы іске қосылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағдарламаның маңызын ерекше атап өтті.

Президенттің пікірінше, ауызбіршілігі мықты, тату отбасы – бақытты балалық шақтың негізі. «Отбасындағы сыйластық пен бірлік баланың дұрыс тәрбие алуына тікелей әсер етеді», – деді Тоқаев.

«Біздің басты мақсатымыз – әр баланың лайықты білім алып, салауатты өмір сүруіне жағдай жасау», – деп атап өтті Президент.

Тұжырымдама аясында балаларды әлеуметтік қолдау, білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамыту жоспарланған. Бұл бастама еліміздің болашақ ұрпағының тағдырына ерекше мән берілетінін көрсетеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұқсас жазбалар

Сахара шөлінде жүк көлігі бұзылып, 49 адам қаза тапты

Сахара шөлінде, Нигердің солтүстігінде кем дегенде 49 адам шөлге шыдамай қайтыс болды. Олар мінген жүк…

Астанада екінші әуежайдың орны туралы ақпарат жалған болып шықты

Астана әкімдігі екінші әуежайдың орны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Аталған аумақ қала шекарасына кірмейді,…

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы ашылды

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы жолаушылар үшін есігін ашты.