Сурет: Aikyn.kz
2 маусымда еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Астанада түнде жаңбыр мен найзағай болады, таңертең тұман түседі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамынша, елордада ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +18…+20°C болады. Алматыда күндіз қатты жаңбыр күтіледі, температура +15…+17°C-қа дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысында, соның ішінде Оралда, жаңбыр жауып, жел күшейеді. Бұршақ түсу қаупі де бар. Жергілікті тұрғындарға сақ болу керек.

