Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстандық жас теннисші Заңғар Нұрланұлы Парижде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турнирінде тағы бір жеңіске жетті. Ол америкалық Агасси Рашерді екі сетте – 6:2, 6:1 есебімен ұтып, жарыстың үшінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
17 жастағы Заңғар алғашқы сетте қарсыласына мүлдем мүмкіндік бермеді. Ол үзілістерді тиімді пайдаланып, есепті тез арада 6:2-ге жеткізді.
Екінші сетте де қазақстандық теннисші басымдықты босатпады. Нәтижесінде Заңғар Рашерді 6:1 есебімен оңай ұтып, турнирдегі жолын жалғастырды.
Енді Нұрланұлы үшінші кезеңде күшті қарсыластармен кездеседі. Оның бұл турнирдегі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте көшбасшылыққа шығу.

