Сурет: Ерлан ОМАР/ Egemen.kz
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 100 үздік оқушы Ақордаға қонақ болды. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған шарада кішкентай меймандар ғимараттың құрылыс тарихымен танысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оралдан барған оқушылардың бірі: «Президент сарайын жақыннан көру мүлде бөлек сезім. Бізге ғимараттың әр бөлмесін көрсетті, әсеріміз керемет!» – деп бөлісті.
Балаларға экскурсия жүргізген мамандар ғимараттың сәулеттік ерекшеліктері мен мемлекеттік маңызы туралы айтып берді. Шара соңында оқушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

