Categories Қаржы

Қазақстан Иранға азық-түлік экспортын екі есеге арттырды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан Иранға агроөнеркәсіп өнімдерін жеткізу көлемін 97 пайызға ұлғайтты. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Иранның Өнеркәсіп, кен өндіру және сауда министрі Сейед Мохаммад Атабакпен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрлер екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Қазақстан тарапы Иран нарығына бидай, ұн, өсімдік майы және ет өнімдерін жеткізуді ұлғайтуға ниетті.

«Біздің аграрлық секторда зор әлеует бар. Иранға экспортты әртараптандыру – басты басымдықтардың бірі», – деді Айдарбек Сапаров.

Кездесуде тараптар өзара саудадағы кедергілерді жою және логистиканы жетілдіру жолдарын қарастырды. Сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды.

Ұқсас жазбалар

Салық төлеуді кейінге қалдырғандар ұтты: зейнетақы жинағынан салық алынбайды

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төленетін қаражатқа жеке табыс салығы салынбайды. Бұрын төленген салық…

Екібастұзда деректер орталығының құрылысы басталды

Екібастұзда деректерді өңдеу орталықтары алқабын салу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта учаске қоршалып, аумақты жоспарлау және…

Емхана қызметкері болып хабарласқан алаяқтардан сақ болыңыз

Ел тұрғындарына дәрігердің қабылдауына жазылуға қатысты алаяқтықтың жаңа тәсілі туралы ескерту жасалды.