Сурет: gov.kz
Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев мемлекеттік наградаға ие болды. Оған «Парасат» орденін Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Марапаттау рәсімі Ақордада өтті. Қанат Айтбаевқа бұл орден мәдениет саласына қосқан елеулі үлесі үшін берілді.
«Қанат Айтбаев – белгілі күйші әрі сазгер. Ол ұлттық өнерді дамытуға зор еңбек сіңірді», – деді Аида Балаева салтанатты шарада.
Қанат Айтбаев бұған дейін де түрлі мемлекеттік марапаттарға ие болған. Ол Димаш Құдайбергеннің шығармашылық жолындағы басты тәлімгерлерінің бірі саналады.

