Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібіне өзгеріс енгізілді. Енді автоматты беріліс қорабы бар көлікпен емтихан тапсырған азаматтарға механикалық көлік жүргізуге тыйым салатын шектеу жойылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұрын «автоматпен» емтихан тапсырған жүргізушілер куәлігінде «механиканы» жүргізуге болмайтыны туралы белгі қойылатын. Енді бұл талап алынып тасталды.
«Енді кез келген азамат автоматты немесе механикалық көлікпен емтихан тапсыра алады, бірақ куәлікте ешқандай шектеу болмайды», — деді Ішкі істер министрлігінің өкілі.
Өзгеріс жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін енгізілді. Енді адамдар өздеріне қай көлікпен жүру ыңғайлы екенін таңдай алады.

