Сурет: Egemen Qazaqstan
31 мамыр күні таңертең Астанадағы Майлин көшесіндегі көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатында 16 жасар қыз терезе алдына шығып, секірмек болған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жасөспірімді өлімнен аман алып қалды.
Төтенше жағдайлар қызметіне шақыру түскеннен кейін 5 минут ішінде оқиға орнына арнайы техника мен құтқарушылар келді. Полиция қызметкерлері қызбен сөйлесіп, оның назарын аударып тұрған сәтте құтқарушылар оны терезеден қауіпсіз жерге алып түсті.
Қыздың өміріне ешқандай қауіп жоқ, қазір ол мамандардың бақылауында, — деді Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі.
Қыздың неге осындай қадамға барғаны әзірге белгісіз. Құқық қорғау органдары бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдарын бастады. Мамандар жасөспірімдердің психологиялық жағдайына ата-аналардың көбірек көңіл бөлуін ескертеді.

