Сурет: Aikyn.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватия президенті Зоран Милановичке сайлаудағы жеңісі үшін құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президент Тоқаев өз жеделхатында екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністіктің жоғары деңгейін атап өтіп, Қазақстан мен Хорватия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.
«Сіздің сайлаудағы жеңісіңіз хорват халқының Сізге деген сенімінің айқын дәлелі. Қазақстан Хорватиямен стратегиялық серіктестікті дамытуға дайын», – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичке мемлекеттік істерде табыс, ал хорват халқына амандық тіледі.

