Сурет: Ашық дереккөз
Қазақстанда балаларға қысым көрсету деңгейі соңғы жылдары 38 пайызға төмендеген. Бұл – еліміздің бала құқығын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарға сай жүргізіп жатқан реформаларының нәтижесі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Зерттеу деректеріне сүйенсек, балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қысым көрсету жағдайлары айтарлықтай азайған. Бұл көрсеткіш әсіресе соңғы үш жылда байқалған.
«Бала құқығын қорғау – мемлекетіміздің басты басымдықтарының бірі. Біз халықаралық тәжірибені ескере отырып, заңнаманы жетілдіру және алдын алу шараларын күшейту арқылы осындай нәтижеге қол жеткіздік», – дейді мамандар.
Сарапшылардың пікірінше, қысым көрсетудің төмендеуіне балалар мен ата-аналар арасындағы құқықтық сауаттылықтың артуы да әсер еткен. Ендігі кезекте бұл үрдісті тұрақтандыру үшін жұмыстар жалғасады.

