Сурет: astanatv.kz
Қазақстандағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалына биыл 25 жыл толды. ТМД кеңістігінде алғашқы болып ашылған бұл шетелдік филиалда бәсеке екі есеге өскен, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
М.В. Ломоносов атындағы ММУ филиалына биыл 25 жыл толып отыр. Бұл – ТМД кеңістігіндегі алғашқы шетелдік филиал. Университет білім сапасымен көптің көзіне түскен.
Филиал директорының айтуынша, талапкерлер арасындағы бәсеке жылдан-жылға артып келеді.
«Биылғы түсу науқанында бәсеке екі есеге өсті. Бұл – біздің білім сапасына деген сенімнің артқанын көрсетеді», – дейді филиал директоры.
Филиалда 400-ге жуық студент білім алады. Олардың көпшілігі – қазақстандықтар. Университет түлектері еліміздің түкпір-түкпірінде жұмыс істеп жүр.

