Сурет: Egemen Qazaqstan
Ерлан Қошанов Кубаның вице-президенті Сальвадор Вальдес Месамен кездесті. Қонақ Астанаға Еуразия экономикалық форумына қатысу үшін келген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды нығайтуға келісті.
Сондай-ақ, Кубаның Қазақстандағы елшілігін ашу мәселесі де назардан тыс қалмады. Бұл қадам екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастарды жаңа деңгейге көтереді деп күтілуде.
Сальвадор Вальдес Меса Қазақстанның халықаралық бастамаларын қолдайтынын жеткізді. Ол әсіресе ядролық қарусыздану саласындағы еліміздің рөлін атап өтті.

