Сурет: Magnific
Қазақстанда 30-31 мамыр күндері ауа райы күрт өзгереді. Елдің батыс және солтүстік-батыс өңірлерінде нөсер жаңбыр, бұршақ, қатты жел күтіледі. Ал оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі. Бұл әсіресе оңтүстік аймақтарда сезіледі.
«Ауа райының тұрақсыздығына байланысты тұрғындар сақ болуы керек. Нөсер жаңбыр мен бұршақ кезінде ашық жерде жүрмеңіздер», – деді Қазгидромет маманы Серікқалиев Нұрлан.
Батыс Қазақстан облысында да ыстық ауа райы сақталады. Орал қаласында термометр бағандары 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Шаңды дауыл оңтүстік өңірлердегі көрінуді нашарлатып, жолдарда қауіп төндіруі мүмкін. Жүргізушілерге жолда абай болу ұсынылады.

