Сурет: ті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»
2025 жылы Ресейден Қазақстанға 3,5 миллионнан астам турист келген. Бұл көрсеткіш екі ел арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықтың артқанын көрсетеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, ресейлік туристердің ең көп баратын өңірлері – Алматы, Астана және Батыс Қазақстан облысы. БҚО-ға келушілер саны былтырғымен салыстырғанда 15%-ға артқан.
«Ресеймен шекаралас өңірлерде туристік ағын жыл сайын өсіп келеді. Біз бұл бағытта инфрақұрылымды жақсарту және қызмет көрсету сапасын арттыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», – деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
Мамандардың пікірінше, ресейлік туристердің Қазақстанға қызығушылығының артуына визасыз режим, қолжетімді бағалар және табиғи көрікті жерлер себеп болып отыр. Алдағы уақытта екі ел арасындағы әуе қатынасын кеңейту жоспарланған.

