Categories Жайық news

«Таза Қазақстан» : Шыңғырлау және Қобда аудандарының жастары экологиялық акцияда бас қосты

«Таза Қазақстан » жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданы мен көршілес Ақтөбе облысының Қобда ауданы жастарының қатысуымен ауқымды бірлескен шара өтті. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бұл тағылымды бастама қос өңірдің белсенді жастарын бір арнаға тоғыстырды. «Таза Қазақстан» акциясы — тек дәстүрлі сенбілік қана емес, бұл қоғамның, соның ішінде өскелең ұрпақтың экологиялық санасын жаңғыртуды көздейтін кең ауқымды қозғалыс.

Шараның жоғары деңгейде өтуіне мемлекеттік органдар да қолдау көрсетті. Игі шараға Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Айбек Жаншаұлы Исламбек пен Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Сапарғалиұлы Құлбергенов арнайы қатысып, жастардың бұл қадамы ел болашағы мен экологиялық мәдениетті нығайтудағы маңызды серпін екенін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Астанада Кенесары мен Сембинов көшелерінің қиылысы екі күнге жабылады

Астанада Кенесары мен Сембинов көшелерінің қиылысы екі күнге жабылады. Жөндеу жұмыстарына байланысты 6-7 маусым аралығында…

Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды

Журналист Қамбар Ахметтің мақаласынан кейін Әлихан ауылына баратын 45 шақырымдық жол жөнделетін болды. Аудан әкімі…

Жеткіліктілік шектерін көтеру қазақстандықтардың болашақ зейнетақысын қорғауға бағытталған

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану кезінде қолданылатын ең төменгі жеткіліктілік шектерінің параметрлері жаңартылды. Өзгерістер…