Сурет: видеодан скриншот
Астананың Сарыарқа ауданындағы «Палау орталығында» өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Бейсекова көшесіндегі сауда үйі аумағында тұтанған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, тілсіз жауды ауыздықтады. Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен шығын көлемі анықталып жатыр.
«Өрттің алдын алу мақсатында барлық қажетті шаралар қабылданды. Тергеу амалдары жүргізілуде», — деді ТЖМ өкілі.
Мамандар өрттің шығу себебін анықтау үшін сараптама жүргізіп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, электр сымдарының тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

