Сурет: aqorda_resmi
Астанада V Еуразиялық экономикалық форум өз жұмысын бастады. Биылғы халықаралық алаңда басты тақырып – «ЕАЭО жаһандық цифрлық жарыста» деп белгіленген.
Форум аясында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің цифрлық трансформациясы, инновациялық технологияларды енгізу және бірлескен цифрлық жобалар талқыланады.
Іс-шараға мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық сарапшылар мен бизнес өкілдері қатысып жатыр.
Форумның негізгі мақсаты – ЕАЭО елдерінің цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастығын нығайту және жаһандық цифрлық жарыста бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

