Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстанда жоғары білім жүйесіне дзюдо бағдарламасы енгізіледі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік пен IJF бірлесіп, дзюдодан оқу бағдарламасын әзірлейді. Бұл бастама студенттерге спорттық білім мен тәрбие беруге бағытталған.
Меморандум аясында дзюдо бойынша оқу модульдері мен практикалық сабақтар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, студенттер мен оқытушыларға арналған семинарлар өтеді, – деді министрлік өкілі.
Жоба еліміздегі бірнеше жетекші жоғары оқу орнында пилоттық режимде іске қосылады. Кейіннен тәжірибе өзге университеттерге де таратылуы мүмкін.

