Сурет: РИА Новости
Ресей президенті Владимир Путин екі ел арасындағы достық қарым-қатынасқа ерекше тоқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Путиннің айтуынша, Ресей мен Қазақстан арасындағы байланыс уақыт сынынан сүрінбей өткен. Ол екі мемлекеттің ортақ тарихы мен болашақтағы ынтымақтастығына тоқталып, достықтың беріктігін атап өтті.
«Біздің қарым-қатынасымыз ешқандай сыртқы факторларға байланысты емес, ол нағыз достық пен сенімге негізделген», – деді Ресей лидері.
Сарапшылар бұл мәлімдемені Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық және саяси байланыстардың нығаюының белгісі ретінде қарастырып отыр. Алдағы уақытта екі ел бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жалғастырмақ.

