Сурет: Ашық дереккөз
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жазғы демалыста оқушылар мен студенттерді уақытша жұмыспен қамтуды міндеттеді. Енді әр өңір жастарды еңбекке тарту үшін нақты шаралар қабылдауы керек, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министр балалардың демалысын тиімді ұйымдастыру үшін мұражайлар, театрлар және басқа да мәдени нысандар тегін болуы керек екенін атап өтті.
«Жазғы демалыста жастарды жұмыспен қамту – маңызды мәселе. Әкімдіктер бос жұмыс орындарын анықтап, оқушылар мен студенттерді тартуы қажет», – деді Олжас Бектенов.
Сондай-ақ Премьер-министр еңбек жағдайлары мен жалақы мөлшерін қатаң бақылауға алуды тапсырды. Жастардың құқықтары сақталуы үшін арнайы мониторинг жүргізіледі.
Бұл бастама еліміздің барлық өңірінде, соның ішінде Батыс Қазақстан облысында да жүзеге асырылмақ.

