Сурет: Ашық дереккөз
Астанада 20 жастағы студент Айсәуле Қанаханың өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Қыздың денесі 1 сәуір күні үйінен табылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, қыз өлгенге дейін белгісіз біреулерге 1,1 миллион теңге аударған. Қазір бұл ақшаның алаяқтарға кеткені тексеріліп жатыр.
«Қыздың өліміне дейін телефон арқылы бейтаныс адамдармен сөйлескені анықталды. Алаяқтар оны алдап, ірі көлемде ақша аударуға мәжбүрлеген болуы мүмкін», – деді тергеушілер.
Құқық қорғау органдары қыздың өліміне алаяқтардың қатысы барын жоққа шығармайды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды.

