Categories Ақорда

Астанада кіші Талдыкөл маңы жаңғырып, экопарк абаттандырылады

Сурет: Астана әкімдігі

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек кіші Талдыкөлдегі экопаркті абаттандыру жұмысы басталғанын хабарлады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта көл маңындағы аумақты көркейту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жоба аясында жаяу жүргіншілер жолдары мен демалыс аймақтары жаңартылады.

«Біз кіші Талдыкөлді қала тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды экологиялық аймаққа айналдыруды көздеп отырмыз. Жұмыстардың бірінші кезеңі биыл аяқталады», — деді Жеңіс Қасымбек.

Экопарк аумағында ағаштар мен гүлзарлар отырғызылып, заманауи жарықтандыру жүйесі орнатылады. Сондай-ақ балаларға арналған ойын алаңдары мен спорттық алаңдар салу жоспарланған.

Ұқсас жазбалар

Нұрлыбек Нәлібаев ExxonMobil басшылығымен ірі мұнай-газ жобаларын талқылады

Нұрлыбек Нәлібаев ExxonMobil компаниясының өкілімен кездесіп, Қазақстандағы ірі мұнай-газ жобаларын бірлесіп дамыту мәселелерін талқылады.

Көктемгі шақырылым сарбаздары ант берді: Мемлекеттік күзет қызметі жаңа толқынды қарсы алды

Айрықша мақсаттағы күштердің әскери бөлімдерінде көктемгі шақырылым сарбаздары Әскери ант қабылдады. Рәсім салтанатты жағдайда өтті.

Олжас Бектенов Түрікменстанда ТМД үкімет басшыларымен кездесті

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Ашхабадқа барып, ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Экономика, сауда және…