Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі әнші Мақпал Жүнісованы «Барыс» орденімен марапаттады. Бұл – өнер қайраткерінің еліміздің мәдениетін дамытуға қосқан үлесіне берілген жоғары баға, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Марапаттау рәсімінде Президент қазақ мәдениетінің түркі өркениетімен тығыз байланысты екенін атап өтті. Оның сөзінше, ұлттық өнер – түркі халықтарының ортақ құндылығы.
«Төл мәдениетіміз түркі өркениетінің ажырамас бөлігі саналады. Сондықтан әрбір өнер иесінің еңбегі ерекше бағалануға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақпал Жүнісова – қазақ эстрадасының жарық жұлдызы. Ол көптеген хит әндердің авторы әрі орындаушысы ретінде танымал. «Барыс» ордені – мемлекеттік марапаттардың бірі, ол еңбек пен өнердегі ерекше жетістіктер үшін беріледі.

