Categories Жайық news

Бастапқы әскери дайындық пәні педагогтеріне арналған әдістемелік жиын ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 20-21 мамыр күндері бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің педагог-ұйымдастырушылары мен әдіскерлеріне арналған нұсқаушылық-әдістемелік жиын ұйымдастырылды.

Жиынның басты мақсаты – педагогтердің әдістемелік біліктілігін жетілдіру, оқу-дала жиындарын тиімді ұйымдастыру жолдарын талқылап, тәжірибе алмасу.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі М.Мұқанов шараға қатысушыларды құттықтап, мұндай әдістемелік жиындардың әскери-патриоттық тәрбиені нығайтуда, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруда маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру жолындағы еңбектеріне алғыс білдіріп, жиын жұмысына сәттілік тіледі.

Екі күндік басқосуға облыстағы жалпы орта білім беретін мектептердің, мамандандырылған гимназиялар мен лицейлердің, сондай-ақ колледждердің оқытушылары мен әдіскерлері қатысып жатыр. Жалпы саны 100-ден астам педагог қамтылған.

Қатысушылар 8 оқу тобына бөлініп, әскери дайындықтың негізгі бағыттары бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтарға қатысуда. Сонымен қатар жаңа оқу жылындағы бағдарламаға енгізілген өзгерістер мен тың тақырыптардың мазмұны жан-жақты түсіндіріледі.

Жиын барысында педагогтер теориялық білімдерін толықтырып қана қоймай, тәжірибелік тапсырмалар арқылы кәсіби дағдыларын шыңдауға мүмкіндік алды. Бұл өз кезегінде пән мұғалімдерінің теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, кәсіби шеберлігін арттыруға жол ашады.

Қатысушылар жиынның мазмұнына, ұйымдастырылу деңгейіне және ұсынылған әдістемелік бағыттарға жоғары бағасын білдіруде.

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАН–КОРЕЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ: БҚО-ДА КЕЗЕКТІ ТЕЛЕМЕДИЦИНА КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ  

Орал қаласында алғаш рет «Жасанды интеллект негізіндегі зияткерлік телемедицина» атты Қазақстан–Корея халықаралық симпозиумы өтті. Ауқымды…

Степногорда 50 жылдық жылу құбырлары ауыстырылады

Степногорда 1973 жылы іске қосылған жылу магистралінің тозған құбырлары ауыстырылады. Әкімдік жөндеу жұмыстарын бастауға дайындалып…

БҚО тікелей шетелдік инвестиция тарту бойынша көшбасшы өңірлер қатарына кірді  

2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1 776,5 млн АҚШ долларын…