Сыртқы істер министрлігі Дубайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған 22 жастағы қазақстандықтың ісіне қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жас жігіт БАӘ-нің қылмыстық кодексінің ауыр бабы бойынша айыпталған. Ол есірткі тасымалдау және сату ісіне қатысы бар деген күдікпен ұсталған.
Қазіргі уақытта Қазақстанның Дубайдағы елшілігі сотталған азаматқа консулдық көмек көрсетіп жатыр. Адвокаттар үкімге шағым түсіру мүмкіндігін қарастыруда.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, отандасымыздың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.
Бұл іс Қазақстан азаматтарының шетелде заңсыз әрекеттерге бармауының маңыздылығын тағы бір рет еске салады.

