Қазақстанда қуаттылығы жылына 10 млн тоннаға дейін мұнай өңдей алатын төртінші ірі мұнай өңдеу зауытын (МӨЗ) салуға дайындық басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа зауыт елдегі мұнай өңдеу көлемін арттырып, импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Қазақстанда Атырау, Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттары жұмыс істейді.
Жобаны іске асыру үшін инвесторлар тартылып, құрылыс алаңын таңдау жұмыстары жүргізілуде. Мамандардың пікірінше, бұл зауыт іске қосылса, елдегі мұнай өнімдерінің тапшылығы шешіліп, экспорттық әлеует артады.

