Categories Әлем

Кене шағып, адам өліп жатыр: маусым ерте басталды

Биыл көктем ерте келді. Күн жылып, көк шыға салысымен кенелер де қауіп төндіре бастады. Эпидемиологиялық маусым әдеттегіден бір ай бұрын ашылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мамандардың айтуынша, кене шағудан болатын аурулардың алдын алу үшін вакцина салдыру қажет. Әсіресе орманды, далалы аймақтарда тұратындар сақ болуы керек.

«Кенелер конго-қырым геморрагиялық безгегі, энцефалит, Лайма ауруы сияқты қауіпті індеттерді таратады. Өткен жылы елімізде кене шағудан 5 адам қайтыс болды», — дейді эпидемиологтар.

Дәрігерлер кене шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуге кеңес береді. Сондай-ақ табиғат аясына шыққанда қорғаныш киім киіп, репеллент қолдануды ұмытпаңыз.

Ұқсас жазбалар

Испания премьер-министрі «Барселона» жұлдызының Палестина туымен шығуын қолдады

Испания премьер-министрі «Барселона» жұлдызы Ламин Ямальдің Палестина туын көтергенін қолдап, спорт пен саясаттың араласуына жол…

Астанада жол жөндеуге байланысты бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі

Астанада жол жөндеуге байланысты С. Шаймерденов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Конгода эбола вирусынан 65 адам қайтыс болды: дәрігерлер жаңа штаммды зерттеуде

Конгода эбола вирусының жаңа штаммы 65 адамның өмірін жалмады. Дәрігерлер аурудың бұрын-соңды болмаған түрін зерттеп…