Астанада жер үй өртеніп, тұрғындар эвакуацияланды

Астанадағы жеке тұрғын үй секторында өрт шықты. Тілсіз жау үйді шарпып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Өрт сейсенбі күні кешке Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Қайыңды көшесіндегі жер үйде шыққан. Құтқарушылар шақырту бойынша жедел жетіп, өртті сөндіруге кіріскен.

«Өрт 80 шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ, тұрғындар уақытылы эвакуацияланды», — деді ТЖМ баспасөз қызметінің өкілі.

Өрттің алдын ала себебі — электр сымдарының тұйықталуы деп болжануда. Нақты себепті анықтау үшін сараптама тағайындалды.

ТЖМ мамандары тұрғындарға ескерту жасады: үйдегі электр жабдықтарын қараусыз қалдырмау, сымдардың тозуын уақытылы тексерту керек.

Ұқсас жазбалар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды, оның ішінде рақымшылық, атқарушылық іс жүргізу және қылмыстық…

Мемлекет басшысы Руанда президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагаме мен руандалықтарды Руанда Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Испанияда маусым айында аптап ыстықтан 1028 адам қайтыс болды

Испанияда маусым айында аптап ыстықтан 1028 адам көз жұмды. Бұл соңғы онжылдықтағы ең жоғары көрсеткіш.