Тоқаев: Алтын Орда тарихы – терең зерттеуді қажет ететін дәуір

Алтын Орданың тарихы – әлемдік ғылымдағы ең маңызды тақырыптардың бірі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық конференцияда мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының айтуынша, Алтын Орда мұрасы көптеген іргелі зерттеулерге негіз болған. Бүгінде бұл тақырып әлем ғалымдарының назарында.

«Алтын Орда тарихы – біздің ортақ мұрамыз. Оны зерттеу – тарихи әділеттілікті қалпына келтірудің маңызды қадамы», – деді Президент.

Конференцияға әлемнің 20-дан астам елінен делегация қатысты. Олар Алтын Орданың саяси, экономикалық және мәдени рөлін талқылады.

Жиын барысында тарихшылар ортағасырлық мемлекеттің қазіргі Қазақстанмен байланысына ерекше тоқталды. Алтын Орданың мұрагері ретінде қазақ хандығының дамуына тигізген ықпалы айтылды.

Ұқсас жазбалар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Астана — егемен еліміздің жүрегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана күніне арналған құттықтауында елорданы егемен еліміздің жүрегі деп атады.

Үлкен Алматы каналы кешенді реконструкциядан өтеді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, ірі су шаруашылығы…

Астана күнінде 60 қосымша автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді

6 шілде күні Астанада өтетін Open Air концертінен кейін тұрғындар мен қала қонақтары үшін 60…