Сурет: TRT Haber
Түркияда Измир-Анталья бағытымен жүріп келе жатқан жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, өрт шықты. Салдарынан 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Денизли-Айдын жолындағы Тырказ ауданында болған. Автобус алдымен жол қоршауына соқтығысып, содан кейін өртеніп кеткен.
Өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына жедел жеткен. Құтқару жұмыстары жүріп жатыр, — деді жергілікті билік өкілдері.
Қаза тапқандардың арасында шетелдіктер бар-жоғы әзірге белгісіз. Автобустағы жолаушылардың жалпы саны мен оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр.

