Categories Саясат

Алматыдағы көшеге Мұхтар Шахановтың есімі берілмек

Алматы тұрғындары Абдулла Розыбакиев көшесінің атауын өзгертуді ұсынып отыр. Олар бұл көшеге Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың есімін беруді қолдайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұсыныс қалалық мәслихаттың комиссиясына түскен. Қоғам белсенділері ақынның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесін ерекше атап өтті.

«Мұхтар Шаханов – ұлттық руханияттың көшбасшысы. Оның есімін мәңгілікке қалдыру – біздің парызымыз», – дейді бастамашылар.

Қазіргі таңда комиссия ұсынысты қарап жатыр. Шешім жақын арада жарияланады.

Ұқсас жазбалар

Армениядағы сайлау: Пашинян партиясы жеңіске жетті

Армения премьер-министрі Никол Пашинян өз партиясының парламент сайлауында жеңіске жеткенін мәлімдеді.

Арменияда парламент сайлауы басталды, премьер-министр де айқындалады

Арменияда кезекті парламент сайлауы басталды. Сайлау қорытындысы бойынша елдің жаңа премьер-министрі де айқындалады.

«AMANAT» партиясы Саяси кеңесінің мәлімдемесі: Әділетті Қазақстан – ортақ бағыт

Астанада «AMANAT» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтіп, онда Әділетті Қазақстанды құру жолында күш біріктіруге шақырған…