Categories Қаржы

Мұнай экспорты: Қазақстан балама жолдарды іздестіруде

Сурет: istockphoto.com

Қазақстан мұнай экспортын әртараптандыру үшін жаңа бағыттарды қарастырып жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, қазіргі геосаяси жағдайға байланысты дәстүрлі экспорттық маршруттарға тәуелділікті азайту маңызды.

Біз баламалы бағыттарды кеңейту бойынша бірнеше жобаны зерделеп жатырмыз. Бұл Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтады, – деді Ақкенженов.

Әсіресе Каспий құбыр желісі консорциумының жүктемесін азайту және Қытай, Иран бағытындағы мүмкіндіктерді қарастыру жоспарланып отыр.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда 2026 жылы ең сұранысқа ие мамандықтар анықталды

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының болжамынша, 2026 жылы Электрондық еңбек биржасындағы бос орындар саны 1,12 млн-нан…

Шетелге көшкен Қазақстан азаматтарына зейнетақы төлеу жалғасады

Конституциялық Сот шетелге қоныс аударған Қазақстан азаматтарына зейнетақы төлеуді жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Freedom Finance ҚазТАГ-қа медиация ұсынды: кінәні мойындау — міндетті шарт

«Фридом Финанс» АҚ ресми мәлімдеме жариялап, ҚазТАГ-қа медиация ұсынды. Медиацияның міндетті шарты — заңға сәйкес…