Эверестте бір күнде 274 альпинист шыңға шықты: жаңа рекорд

Әлемдегі ең биік шың Эверестте жаңа рекорд орнады. Бір күннің ішінде 274 альпинист тауды бағындырып, алдыңғы көрсеткішті әлдеқайда артта қалдырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейінгі рекорд 2019 жылы тіркелген еді. Сонда бір күнде 223 адам шыңға көтерілген болатын. Енді бұл көрсеткіш 274-ке жетіп, жаңа тарихи белес болды.

Мамандардың айтуынша, мұндай рекордқа ауа райының қолайлы болуы және альпинистердің дайындық деңгейінің артуы себеп болған. Эверестке шығу әлі де қауіпті болғанымен, жыл сайын шыңды бағындырушылар саны артып келеді.

Ұқсас жазбалар

Сахара шөлінде жүк көлігі бұзылып, 49 адам қаза тапты

Сахара шөлінде, Нигердің солтүстігінде кем дегенде 49 адам шөлге шыдамай қайтыс болды. Олар мінген жүк…

Астанада екінші әуежайдың орны туралы ақпарат жалған болып шықты

Астана әкімдігі екінші әуежайдың орны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Аталған аумақ қала шекарасына кірмейді,…

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы ашылды

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы жолаушылар үшін есігін ашты.