Categories Жайық news

Трамп Гренландия туралы: «Аралды жеңіл немесе қиын жолмен аламыз»

АҚШ президенті Дональд Трамптың пікірінше, егер Вашингтон Гренландияны өз бақылауына алмаса, аралды Ресей немесе Қытай иемденіп кетуі мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Трамп бұл пікірін жұма күні BBC тілшісінің сұрағына жауап бергенде айтты.

«Елдердің жеке меншігі болуы тиіс және олар жалдауға алынған нәрсені емес, сол меншікті қорғауы керек. Ал бізге Гренландияны қорғауға тура келеді», — деді АҚШ президенті.

Ол Вашингтон бұл мақсатқа «жеңіл жолмен» немесе «қиын жолмен» жетуі мүмкін екенін ескертті.

Жақында Ақ үй Данияның автономиялық аумағын бақылауға алудың бірнеше жолын қарастырып жатқанын хабарлаған. Айта кетерлігі, Дания — АҚШ-пен бірге НАТО-ға мүше ел.

Вашингтон аралды сатып алу мүмкіндігін қарастыруда, сонымен қатар күш қолданып, аннексиялау ықтималдығын да жоққа шығармайды.

Алайда Дания мен Гренландия бұл аумақтың сатылмайтынын мәлімдеді. Ресми Копенгаген егер АҚШ Данияға қарсы әскери операция бастаса, бұл Солтүстікатлантикалық қорғаныс альянсының (НАТО) соңы болатынын ескертті.

Ұқсас жазбалар

Әке – отбасының тірегі: Оралда облыстық форум өтті

Бүкіл ел бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның…

Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды

Енді өңір тұрғындары мамандандырылған ХҚКО-дан дайын құжаттарды өздеріне ыңғайлы мекенжай бойынша жеткізуге тапсырыс бере алады.…

Второй шанс без угрозы для общества – депутат рассказала, что предусматривает амнистия к новой Конституции

Депутат Мажилиса Парламента Снежанна Имашева разъяснила порядок применения амнистии, приуроченной к принятию новой Конституции. Она…