Categories Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордаға жұмыс сапармен келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Президент өңірдің өндірістік, инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарын аралап көруді жоспарлаған.

Сапар «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды. Мемлекет басшысына әуежайдың жұмыс процесі, ішкі және халықаралық рейстерге қызмет көрсету жүйесі туралы ақпарат берілді. Президент жолаушыларды тіркеу және тексеру аймақтарын, шекаралық-кедендік бақылау пункттерін, күту залын және автоматтандырылған жүк беру жүйесін аралап көрді.

Жаңа терминал 2024 жылдың қараша айында пайдалануға берілген. Жобаны жүзеге асыруға 16,6 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция тартылған, ал инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге жергілікті бюджеттен 4,3 миллиард теңге бөлінген.

«Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалы өңірдің көлік инфрақұрылымын нығайтып, Қызылорданың экономикалық және туристік әлеуетін арттыруға бағытталған.

Сурет: Ақорда

Ұқсас жазбалар

Президент Жапониямен достықты нығайтуға баса мән берді

Президент Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Ясутоши Нишимураны қабылдап, екіжақты ынтымақтастықты талқылады.

«e-Өтініш» халық пен билік арасындағы сенім көпіріне айналды

«e-Өтініш» жүйесінің 5 жылдығына орай Астанада өткен жиында Мемлекеттік кеңесші Аида Балаева платформаны халық пен…

Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады  

Кездесуде қазақы ит тұқымдарын сақтау және тұрақты генетикалық қорын қалыптастыру ісінде халықаралық федерациямен ынтымақтастық перспективасы…