Categories Жайық news

Қарттар күніне орай тыл ардагеріне құрмет көрсетілді

1 қазан – Қарттар күніне орай мұнай саласының дамуына елеулі үлес қосқан, тыл ардагері Мұқанов Сәлімгерей Әбілхайырұлына арнайы барып, құрмет көрсетілді.

Салтанатты кездесу барысында ардагердің ел игілігіне сіңірген еңбегі ерекше аталып өтті.
Сіздер салып кеткен сара жол – біз үшін бағыт-бағдар. Өмірлік тәжірибелеріңіз, көрегендіктеріңіз бен парасатты ойларыңыз бізге қашанда рухани демеу, өшпес өнеге болып қала береді. Қарттарға, жалпы еңбек ардагерлеріне деген құрметіміз бен алғысымыз әрқашан шексіз, – делінген құттықтауда.

Іс-шараға қалалық мәслихат төрағасы Бейбіт Мырзағалиев, қала әкімінің орынбасары да қатысып, ардагерге ізет көрсетті. Ақсақал ілтипатқа ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Ұқсас жазбалар

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНА ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР ТАБЫСТАЛДЫ  

7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай облыстық полиция департаментіне су жаңа 81 көлік берілді.…

ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ  

Аймақта алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия…