Categories Жайық news

«Таза Қазақстан»: Елімізде 1,6 млрд ағаш отырғызылып, 1 млн гектар орман қалпына келтірілді

Премьер-министр Олжас Бектенов «Таза Қазақстан» бастамасы аясында атқарылған жұмыстарды талқылау үшін арнайы жиын өткізді. Отырыста елімізді көгалдандыру, орман алқаптарын құру және өңірлердегі экологиялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Үкімет басшысының мәліметінше, бүгінге дейін бұл бастама бойынша 1,6 миллиард ағаш отырғызылып, 1 миллион гектардан астам аумақта орманды-мелиорациялық жұмыстар жүргізілген.

Олжас Бектенов табиғатты сақтау әрбір азаматтың конституциялық парызы екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасының негізгі қағидаттары – халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа ұқыпты қарау – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында бекітілген. Табиғатты сақтау – жай ғана декларация емес, әрқайсымыздың конституциялық парызымыз. Волонтерлік ұйымдар мен жастардың әлеуетін белсенді пайдалану керек. Олардың қатысуы табиғатқа ұқыпты қараудың сабақтастығын қамтамасыз етеді. Біз Конституцияда бекітілген жаңа экологиялық мәдениеттің іргетасын қалап жатырмыз», – деді Премьер-министр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік  

Батыс Қазақстан облысында полицейлер қоғамдық орындарда бет-әлпетті жасыруға қатысты заң талаптарын кеңінен түсіндіруде. Бұл мәселе…

«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім

Орал қаласында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбында өңірлік…

Суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды: каналдарды тазалау үш есеге өсті

Қазақстанда каналдарды механикалық тазалау қарқыны үш есеге өсіп, суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды.