Categories Әлем

Венесуэладағы жер сілкінісінен 32 адам қаза тауып, 700-ден астам адам жарақат алды

Сурет: видеодан алынған кадр

Венесуэлада болған екі қуатты жер сілкінісінің салдарынан кемінде 32 адам қаза тауып, 700-ден астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ең көп зардап шеккен ел астанасы Каракас қаласы. Мұнда бірнеше ғимарат қирап, құтқарушылар үйінді астында қалған адамдарды іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Апат аймағында 500-ден астам маман жұмыс істеп жатыр. Құтқарушылар үйінділер астынан 18 адамды аман-есен алып шықты, бірақ құлаған нысандардың астында әлі де басқа адамдар болуы мүмкін.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, жер сілкінісінен келген ауыр зақымға байланысты Венесуэланың басты халықаралық әуежайы уақытша жабылған. Елдегі жағдайға байланысты президент Делси Родригес төтенше жағдай режимін енгізді. Билік апат салдарын жою үшін халықаралық ұйымдардан қаржылай көмек сұрауды жоспарлап отыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп жағдайға қатысты пікір білдіріп, Америка Құрама Штаттарының Венесуэлаға қажетті көмекті жедел көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Ұқсас жазбалар

Францияда аптап ыстықтан бір аптада 2 мыңнан астам адам қайтыс болды

Францияда 22-28 маусым аралығында аптап ыстық салдарынан 2 мыңнан астам адам көз жұмды. Бұл туралы…

Португалияда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

Португалияда аптап ыстыққа байланысты қызыл деңгейдегі дабыл жарияланды. Елдің 12 округінде жоғары дайындық режимі жексенбі…

Германияда аурухана өрті: екі адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды

Германиядағы аурухана өртінен екі адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды. Өрт радиология бөлімшесінің шатырында…