Categories Жайық news

Әлемді дүрліктірген Эпштейн ісі: Жаңа құжаттарда Назарбаев пен Мәсімовтың аты аталды

Америкалық миллиардер Джеффри Эпштейннің кәмелетке толмағандарды саудалау ісіне қатысты жарияланған сот құжаттарында Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтың есімдері аталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жарияланған хат алмасулардың бірінде Джеффри Эпштейнге Нұрсұлтан Назарбаевтың Сауд Арабиясының ханзадасы Әл-Уалид бин Талалмен кездесуі туралы айтылған. Алайда кездесудің мән-жайы мен оның іске қатысы туралы нақты дерек келтірілмеген.

Сонымен қатар құжаттарда мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталып, сотталған Кәрім Мәсімовтың да аты-жөні кездеседі. Эпштейнге жолданған хаттардың бірінде белгісіз біреу Қазақстанда Мәсімовпен көрші тұратынын жазса, екіншісінде Эпштейнге Мәсімовке «сәлем жолдағанын» жеткізген.

Бұдан бөлек, құжаттарда «Келімбетов» тегі де бірнеше рет қайталанған. Дегенмен, оның нақты кім екені және іске қандай қатысы бары белгісіз.

Хат алмасуларда International Peace Institute (IPI) ұйымында жұмыс істеген И. А. есімді әйелге ерекше назар аударылған. Эпштейннің айналасындағылар оны өз хаттарында «IPI-дегі қазақ қызы» деп атап отырған.

Джеффри Эпштейн – кәмелетке толмаған қыздарды жыныстық қанау үшін арнайы желі құрды деп айыпталған америкалық қаржыгер. Ол 2019 жылы тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды. Сот оның ісіне қатысты құжаттарды кезең-кезеңімен жариялап жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда шенеуніктерге арналған жаңа мессенджер жасалады: Ол қандай болады?

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге арналған Alem GovWorkspace атты жаңа мессенджер жасалады. Ол қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз…

Жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілер 50% жеңілдіктен айырылуы мүмкін

Сенатор Марат Қожаев жол ережесін жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерді айыппұлды 50% жеңілдікпен төлеу мүмкіндігінен айыруды…

Астанада қалың қар жауып, бір түнде 45 жол апаты тіркелді

Астанада 5 ақпан күні кешке жауған қалың қардың салдарынан бірнеше сағат ішінде 45 жол-көлік оқиғасы…