Categories Саясат

Ресей Трамптың соғысты дереу тоқтату ұсынысын қабылдамады

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ президенті Дональд Трамптың ұрысты дереу тоқтату туралы бастамасын қолайсыз деп бағалады.

Оның айтуынша, Владимир Путин мен Трамп бұған дейін Аляскада өткен келіссөздерде соғыс қимылдарын ұзақ мерзімді тоқтату мүмкіндігін қарастырған. Алайда майдан шебінде соғысты бірден тоқтату Ресейдің мүддесіне сай келмейді.

«Трамптың қазіргі ұсынысы соғыстың түпкі себептерін елемей отыр. Ресей өз талаптарынан бас тартпайды. Бұл бастама Киевтегі билікті сақтап қалуға бағытталған», — деді Лавров.

Министрдің сөзінше, Мәскеу тұрақты бейбіт келісімге тек өз шарттары орындалған жағдайда ғана дайын екенін мәлімдеді.

сурет: ашық дереккөз

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Көктемгі шақыру қорытындысы: Қазақстан әскері 21 мыңнан астам азаматпен толықты

Көктемгі шақыру науқаны аясында Қазақстанның Қарулы күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 18 бен…