Categories Әлем

Конгода эбола вирусынан 65 адам қайтыс болды: дәрігерлер жаңа штаммды зерттеуде

Конго Демократиялық Республикасында эбола вирусының жаңа штаммы 65 адамның өмірін жалмады. Дәрігерлер аурудың бұрын-соңды болмаған түрі тез тарап жатқанын анықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа штамм әдеттегі эболадан да жылдам жұғып, өлім-жітім көрсеткіші жоғары болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) өңірге шұғыл медициналық топ жіберді.

«Біз бұрын мұндай эбола штаммын көрмегенбіз. Ол өте жұқпалы және симптомдар тез пайда болады», – деді ДДСҰ өкілі.

Жергілікті билік індеттің таралуын тоқтату үшін карантин енгізіп, вакцинация науқанын бастады. Алайда ауруханаларда орын тапшы, медициналық жабдық жетіспейді.

Ұқсас жазбалар

Украинаның бірінші ханымына қатысты Ресейде іс қозғалуы мүмкін

Ресей БАҚ-та Елена Зеленскаяға қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін деген ақпарат пайда болды.

Қазақстандық оқушылар OIBO-2026 биология олимпиадасында бақ сынап жатыр

Қазақстан құрамасы OIBO-2026 халықаралық ашық биология олимпиадасына қатысып жатыр. Команда құрамында 6 оқушы мен жетекші…

Шетелде оқыған қазақ жастары елді қалай өзгертіп жатыр?

Болашақ бағдарламасымен шетелде оқыған қазақ жастары елдің дамуына қалай үлес қосып жатқаны туралы.