Биыл әскери парад болмайды: Қорғаныс министрлігі не дейді?

Қазақстанда 2026 жылы Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери парад өткізілмейді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік өкілдері бұл шешімнің бірнеше себебі барын айтады. Ең бастысы – әскери шығындарды оңтайландыру және қаражатты әскердің техникалық жарақтануына бағыттау.

«Біз парадтан гөрі сарбаздардың күнделікті дайындығы мен қару-жарақты жаңартуға басымдық беруді жөн көрдік. Бұл – уақытша шара», – деді ведомство өкілі.

Биыл ел бойынша тек жергілікті деңгейде салтанатты шаралар мен патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Ал Батыс Қазақстан облысында да ірі әскери шеру жоспарланбаған.

Айта кетейік, өткен жылы Астанадағы парадқа республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңге жұмсалған еді. Биыл бұл қаражат әскери бөлімдердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға кетпек.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан мен Черногория президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы мен Черногория президенті шағын құрамда келіссөз өткізді.

Жанабыловтерден тәркіленген 8 автокөлік сатылымға шығарылды

Блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша тәркіленген көліктер электронды сауда алаңына шығарылды.

Степногорскіде оқушылардың жеке деректері тарап кетті: кінәлілер жазаланды

Степногорск қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балалардың жеке деректерін заңсыз жариялау фактілерін анықтады.