Categories Әлем

Қазақстан мен Түркия: 9,5 миллиард долларға жуық бірлескен жоба іске асып жатыр

Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық ынтымақтастық қарқын алып келеді. Қазіргі таңда екі ел бірлесіп, жалпы құны 9,5 миллиард доллар болатын жобаларды жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Түркия – Қазақстанның бес ірі сауда серіктесінің бірі. Бүгінде елімізде түрік капиталы қатысқан 5 мыңнан астам кәсіпорын тіркелген. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді.

Мамандардың айтуынша, бірлескен жобалар негізінен энергетика, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларын қамтиды. Екі тарап та өзара инвестиция көлемін ұлғайтуға мүдделі.

«Біздің ынтымақтастығымыз стратегиялық сипатқа ие. Түркия Қазақстанның сенімді серіктесі және біз бірлескен жобаларды одан әрі дамытуға ниетті», – деді ҚР Инвестициялар және сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Айта кетейік, Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы да тұрақты өсу үстінде. 2023 жылы бұл көрсеткіш 6 миллиард доллардан асқан еді.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған өңірлік орталығы ашылады

Қазақстанда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған өңірлік орталығы құрылады. Мемлекет басшысы тиісті заңға қол…

АҚШ-та бизнес-джет тас жолға құлап, бір адам қаза тапты

АҚШ-тың Техас штатындағы Ларедо қаласында бизнес-джет тас жолға құлап, бір адам қаза тауып, бес адам…

Шри-Ланкада бұрынғы президенттің ұлы қамауға алынды

Шри-Ланкада бұрынғы президент Махинда Раджапакстың екінші ұлы Йошита Раджапакса қамауға алынды. Оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…