Categories Әлем

Жапонияда цунами қаупінен 181 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Филиппин жағалауында болған күшті жер сілкінісінен кейін Жапонияның бірнеше аймағында цунами қаупі жарияланып, жаппай эвакуация жүргізілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Еуро-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, Филиппиннің Минданао аралы маңында магнитудасы 7,8 болатын жер сілкінісі тіркелген. Осыдан кейін Жапония билігі цунами қаупі туралы ескерту жариялады.

Эвакуация Канто өңірінен бастап Кюсю мен Окинаваға дейінгі бірқатар аймақты қамтыды. Тұрғындарға жағалау аумақтарын, өзен сағаларын дереу тастап, қауіпсіз жерлерге көшу ұсынылды.

Жалпы 10 префектурада – Ибараки, Тиба, Сидзуока, Айти, Миэ, Вакаяма, Коти, Миядзаки, Кагосима және Окинавада шамамен 95 мыңнан астам үй шаруашылығы, яғни 181 мыңнан астам адам эвакуацияланған.

Жергілікті билік тұрғындарға теңізге жақындамауды және қауіпсіз аймақтарда қалуды ескертті. Мамандардың айтуынша, күшті ағындар сақталуы мүмкін, сондықтан цунами қаупі толық жойылғанға дейін сақтық шараларын ұстану қажет.

Ұқсас жазбалар

Қазақстандық ғалым ғылымға жаңа бактерия түрін енгізді

PhD Серік Бакиев пен әріптестері бұрын белгісіз болған жаңа бактерия түрін анықтады.

Израильдің Ливанға жасаған шабуылынан 4 адам қаза тапты

Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі Набатия ауданына ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасап, кемінде 4 адам қаза…

Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды

Ресейдің Ростов-на-Дону қаласында көпқабатты үйдің жанындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды. Полиция тергеу…