Categories Жайық news

БҚО-ның Қытайдағы алғашқы инвестициялық өкілдігі ашылды

 

Батыс Қазақстан облысы халықаралық әріптестікті жаңа деңгейге көтерді. Қытайдың Нанкин қаласында «Ақжайық» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының инвестиция және сауда өкілдігі жұмысын бастады. Бұл – өңірлік деңгейде ашылған алғашқы шетелдік өкілдік. Оның мақсаты – Ақжайық кәсіпкерлері мен қытайлық инвесторлар арасындағы байланысқа тікелей жол ашу.

Ашылу рәсіміне БҚО әкімі Нариман Төреғалиев бастаған делегация қатысты. Шара Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің қолдауымен өтті. Жаңа құрылым инвесторларға аймақтың мүмкіндіктерін таныстырып, жобаларды жедел жүзеге асыруға ықпал етпек.

SOHO компаниясының өкілі Ву Цюнь Юй бастаманы «қос тарапты байланыстыратын алтын көпір» деп атап, оның стратегиялық маңызын атап өтті. Оның айтуынша, енді ақпарат алмасу жылдамдап, жобалар іске асырылу мерзімі қысқарады.

Кеңсенің ашылуынан кейін қытайлық кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде, екі ірі өндірістік жобаға қызығушылық білдірілді: қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауыты және киік мүйізінен дәрі-дәрмек өндіретін кәсіпорын.

Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Цзянсу провинциясымен серіктестік өзара сенімге негізделгенін айтып, «туындайтын мәселелерді жеке бақылауда ұстаймын» деп сендірді.

Бұл бастама арқылы Ақжайық өңірі жаңа инвестициялар тартып қана қоймай, экология, фармацевтика және өндіріс салаларында тың жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

Ұқсас жазбалар

Қазақстандық құтқарушыларға Tesla Cybertruck не үшін керек болды? Министрлік жауап берді

Төтенше жағдайлар министрлігі желіде тараған Tesla Cybertruck көлігіне қатысты ресми жауап берді. Жаңа көлік Алматы…

Ирандағы қанды қырғын: Наразылықта 20 мыңға жуық адам қаза тапқан болуы мүмкін

CBS News телеарнасының хабарлауынша, Ирандағы үкіметке қарсы наразылықтар кезінде қаза тапқандар саны 20 мың адамға…

Colorful produce aisle in a supermarket showcasing fresh apples with discount signage.

Алматы әкімдігі: ҚҚС көтерілгенімен, Бағаның кенет өсуі тіркелген жоқ

Алматыда ҚҚС мөлшерлемесі 16%-ға дейін көтерілгенімен, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасында күрт өсім байқалмады деп…