БҚО мен Корея бірнеше салада ынтымақтастық орнатты

Батыс Қазақстан облысы өнеркәсіп, қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және экология салаларында Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықты кеңейтпек. Бұл туралы облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Корея Республикасына жұмыс сапары барысында белгілі болды. Делегация құрамында аймақтың медициналық ұйымдары мен кәсіпкерлері болды.

 

Сапар аясында Батыс Қазақстан облысы мен Кореяның Халықаралық Әулие Мария клиникасы арасында меморандумға қол қойылып, екі өңір медицинасын жақсартуға бағытталған нақты келісімдер жасалды. Құжатқа сәйкес Орал қаласының ауруханаларынан барған 10 дәрігер аталмыш клиникада тағылымдамадан өтеді. Бұл — аймақ медицинасын халықаралық стандарттарға жақындатуға мүмкіндік беретін маңызды қадам.

 

Сонымен қатар енді Орал мен Инчхон қалаларының дәрігерлері ай сайын онлайн форматта бірлескен кеңес өткізіп, тәжірибе алмасып отырады. Бұл медициалық көмектің сапасын арттыруға, мамандардың кәсіби деңгейін көтеруге ықпал етеді.

Сурет: БҚО әкімдігі

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен кездесті.

Қазақстан аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы еліміздің ұзақмерзімді даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін айтты.

Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізіп, экономика мен саяси бағытты жаңа…